Сочиге тікелей әуе рейсі ашылмақ

Сочиге тікелей әуе рейсі ашылмақ

Сочиге тікелей әуе рейсі ашылмақ
ашық дереккөзі

Еліміздің маңызды қалалары – Астана жəне Алматы  шаһарларынан Ресей Федерациясының Сочи қаласына тікелей әуе рейстері ашылмақ. Алғашқы рейс маусым айына жоспарланып отыр.

Мұндай жаңалықпен Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында «Алеан» тур-агенттігінің президенті Илья Уманский бөлісті деп хабарлайды Қазақпарат. Аталмыш баспасөз мәслихатына Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомов қатысты.

Илья Уманскийдің айтуынша, Сочиге Қазақстаннан келетін туристер санын арттыру үшін тікелей әуе рейсін ашу қажеттігі байқалған. «Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жағдайында қандай өзгерістер болғаны белгілі. Сондықтан, Қазақстанның туристері үшін көршілес елдердің курорты қызығушылық тудыра бастайтыны анық. Біз қазір «Scat əуе» компаниясымен бірге 10 маусымнан бастап аптасына бір рет Астана жəне Алматы қаласынан тікелей əуе рейсін ашпақпыз. Астанадан апта сайын рейс ұшады. Бұл рейстерді жыл бойы ұшыруға бар күшімізді саламыз», – деді Илья Уманский. Сонымен қатар, Илья Уманский Сочи курортының соңғы 5-6 жылда қатты өзгергендігін атап өтті. Сондықтан, олар Сочи курорты жұрттың көңілінен шықпай қалады деп қорықпайтын көрінеді.