Министр 42 500 теңге алғандарға қатысты ешқандай тексеру болмайтынын айтты

Министр 42 500 теңге алғандарға қатысты ешқандай тексеру болмайтынын айтты

Министр 42 500 теңге алғандарға қатысты ешқандай тексеру болмайтынын айтты
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов фейсбук-парақшасында 42 500 теңгені заңсыз алған азаматтардың әрекетіне қатысты пікірін білдірді. Ведомство басшысы «кім төлемді тағайындады – сол кінәлі» деген оймен келіспейтінін жеткізді. «Әлеуметтік төлем тағайындау тәртібіне сәйкес, бұл төлем айлықсыз демалысқа жіберілген жұмысшыларға ғана берілуі керек еді. Осы орайда 42 500 теңгеден аударып отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) заңсыз берілген төлемді қайтаруды талап етуге толық құқылы. Жалпы МӘСҚ 42 500 теңгеден бөлек мүгедектерге, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылғандарға, жүкті әйелдерге, бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырғандарға төлем аударады», – деп еске салды Біржан Нұрымбетов. Сондай-ақ, министр 42 500 теңге алған адамдарға қатысты ешқандай тексеру болмайтынын мәлімдеді. «Жоғарыда аталған жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілерден басқа ешкімді тексермейміз. Сіздің адал өтінім беріп, заң жүзінде ақша алғаныңызға сенеміз. Аман болыңыздар!», – деп жазды министр.