Полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды. 27 жастағы жігіт әкімшілік полиция басқармасында жұмыс істеген. Қалалық ПД хабарлауынша, ол түнгі ауысымнан қайтып келе жатып, Әл-фараби даңғылындағы жерасты жолының қоршауына соғылған. Жол апатынан ол ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің реанимациялық іс-шараларына қарамастан жігіт жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Полиция қызметкерінің қан талдауынан алкогольді ішімдік табылмады. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.