Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырған

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырған

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар штабы мәлімдеді. 18 сәуір күні (таңертеңгі 09.30-дағы мәлімет) Шымкент қаласында індет 11 адамнан анықталған болатын. «Науқастар – 1956, 2004, 1978, 1981, 1977, 1992, 1967, 1946, 1969, 1968, 1979 жылдары туған Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты бұған дейін карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынды. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – делінген хабарламада. Қалалық штабтың мәліметінше, ауру ошақтарында эпидзерттеу мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осы жағдайға байланысты қала аумағындағы Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы мен «Самал 2» шағынауданы, Тассай тұрғын алабы қауіпті ошақ ретінде тіркеуге алынды.