Президент халыққа жолдаған эстафетада Túrkistan газетін атап өтті
Президент халыққа жолдаған эстафетада Túrkistan газетін атап өтті
Мемлекет басшысы «Turkistan» газетін оқуға кеңес береді. Бұл туралы Президент әлеуметтік желіде жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграмдағы ресми парақшасында Жазушылар одағы басқарма төрағасының эстафетасын қабылдағанын айтып, қалың оқырманға қазіргі уақытта оқып жатқан кітап-газеттерінің тізімін ұсынды.
Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында.
Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.
Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн.
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің менің атыма жолдаған эстафетасын қабылдаймын және осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынамын:
⠀
1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік.
2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom.
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай.
5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай.
6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир.
7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future.
8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее.
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.
⠀
Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқуға кеңес беремін: