Ресейден жұмыс істеп келген бес азаматтан коронавирус анықталды

Ресейден жұмыс істеп келген бес азаматтан коронавирус анықталды

Ресейден жұмыс істеп келген бес азаматтан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Бүгін сағат 09.30-дағы соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 1591-ге жетті. Оның ішінде Батыс Қазақстанда жаңадан 6 жағдай тіркелді. БҚО-ның шұғыл штабынан түскен ақпаратқа сәйкес,, науқастардың барлығы – облыс тұрғындары. Бірі – Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны. Коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан бұған дейін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Қалған бес адам – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін облыс тұрғындары. Ресейдің Саратов облысымен шектесетін «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен өткен кезде олардың екеуінен дене қызуының көтерілуі байқалғандықтан, жедел жәрдем шақырылып, провизорлық стационарға жатқызылған. Қалған үшеуі карантиндік стационарға жеткізілген болатын. «Ауру анықталған соң алтауы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Қазір жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», – делінген ақпаратта. Осылайша БҚО-да инфекцияға шалдыққандар саны 39 адамға жетіп, олардың екеуі жазылып шықты.