Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 сәуір күні еліміздің екі қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады.

Атап айтқанда, Өскемен мен Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды. Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай нормадан ауытқымайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз атмосфералық ауаның беткі қабатына зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Back to top button