Жаңалықтар

Аңсаған Мұстафа: Табыс табудан бұрын қоғамға ой салатын суреттер саламын

ашық дереккөзі

Аңсаған Мұстафа: Табыс табудан бұрын қоғамға ой салатын суреттер саламын

Танымал суретші, иллюстратор Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік та­қырыптағы суреттері көптің кө­кейінде жүрген мәселені дөп ба­сады. Сурет­шілік қабілетін биз­нес­ке ай­налдырған ол бүгінде ұлт­тық на­қыштағы киім­дерді дайын­­дау­мен айна­лысады. – Әлеуметтік тақырыптағы су­рет­теріңіздің көпшілікке ұнауы­ның сыры неде деп ойлайсыз? – Әлеуметтік тақырыптарды, ұлттық на­­қышты өзім жақсы көремін. Менің сурет­терім арқылы адамдар қате жолға түспесе, ата-анасын ренжітпесе, кішкентай балалар қатерге басын тікпесе деп ойлаймын. Жал­пы, менің салған суреттерім қысқа да нұсқа. Су­ретті салу барысында аз элементтерді пай­даланып, көп идеяны жеткізгім келеді. Су­реттерімнің түрлі-түсті емес, көбінесе ақ-қара болуы да сондықтан. Салған жұ­мыстарымның ең басты мақса-ты – идеяны тезірек жеткізу. Өйткені қазіргі заманда адамдардың бар­лығы асығыс, іштері тез п­ы­сады. Суретке 5-10 секунд назар салып, ұнай­­ды, ұнамайды деп шешім қа­былдайды. Суреттерімнің көп­ші­лік­ке ұнауының нақты сырын білмей­мін, өзімнің ойлауымша, дәл қазіргі өзекті мәселені өз уақытында қағазға түсіре білуім деп ойлаймын. – Бұл сурет­те­ріңіз­ді сатып, та­­­быс табуға бо­ла ма? – Жалпы, әлеуметтік тақы­рып­тағы су­рет­тер сатылмайды. Дәл қазір шеберханамда өзім салған өлшемі 60-80 см болатын 60-70 сурет бар. Суреттерім өте танымал, әлеу­мет­тік желі арқылы жақсы та­рап, шетелден де  қызығу­шы­лық танытқандар болды. Қазіргі тілмен айтқанда көп лайк жинады. Бірақ бұл суреттерді сатып алуға еш­қандай сұра­ныс жоқ. Өйт­кені адамдар үйіне әдемі, көңіл көтеретін немесе сағы­нышын баса­тын суреттер ілгісі келеді. Сол себепті әлеу­мет­тік тақы­рыптағы суреттерден қаржы­лық жа­ғынан пайда жоқ деп айтса да болады. – Соңғы кезде суреттеріңізді әлеу­меттік желіден сирек көретін бол­­дық. Пайда жоқ болған соң әлеу­­меттік тақырыпта сурет салу­ды азайт­тыңыз ба? – Жалпы, соңғы кездері сурет салмай кет­тің деген пікірлерді көп естимін. Мен күн­де сурет саламын, бірақ оның барлығы әлеу­меттік тақырыпта емес. 99 пайызы ұлт­тық на­қыш­тағы футболкаларға ар­налған сурет­тер. Нақты ай­т­сам, соңғы 5 жыл ішінде 994 сурет салыппын. Айна­лыс­қан кәсібім, жеп отырған на­ным болғандықтан, көп уа­­қыт жұмсауға тура ке­леді. – Жеке ansa.kz сайтыңызға өзге де суретшілердің суреттерін де жүк­теп отырады екенсіз.  Он­дағы мақ­сатыңыз қандай? – Суреттер шеберханада тығылып тұр­­май, халыққа қолжетімді болғаны дұрыс. Халықтың көзі әдемілікті көр­ген сайын, ұлт­тық нақышты таныған сайын рухани бай­лығымыз арта түседі. Біздің сайтқа өзі­нің сурет­терін тегін берген суретшілер де бар. Олардың жұмыстарын қуана қа­был­да­дым. Мысалы, мен еліміз бойын­ша билборд­тар­ға суреттерімді тегін ілуге келістім. Өйт­кені осы ар­қылы адамдарды қолымнан кел­ген­ше бір жамандықтан сақтауды ой­­ла­дым.