6 әуежайы бар Бейжің

6 әуежайы бар Бейжің

6 әуежайы бар Бейжің
ашық дереккөзі
  Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің басшылығымен Қытай Халық Республикасының астанасы – Бейжің қаласына арнайы барған едік. Бұл сапардың мақсаты – қазақстандық өнімдерді Қытайға көбірек экспорттауға мүмкіндік алу болған. Келіссөздердің сәтті аяқталғанын өткен нөмірімізде жазғанбыз. Ендігі кезекте оқырмаАлматы – Бейжің бағытындағы Air Astana ұшағы Қытай астанасына таңғы сағат 5-ке жуық қонды. Әуежайдан шыға салып, ел-жұрттан жиі еститін тұманды әлде түтінді қаланы, ығы-жығы халықты, толассыз көліктерді көзбен көрдік. Айта кетейік, Бейжің қаласында 6 әуежай бар. Бейжіңдегі  тынымсыз тіршілік тым ерте басталатыны бірден аңғарылады. Барлығы тек өзінің шаруасымен әуре, айналасындағыларға назар аударатындар өте сирек. Жол бойында көліктер де көп, адамдар да аз емес. 2015 жылғы санақ қорытындысы бойынша, Бейжіңде 21,7 миллион адам тұрады. Жергілікті биліктің 2016 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 22 миллионнан асырмауды жоспарлап, соған қатысты бағдарламаларды қолға алғандығы белгілі. Ал 2020 жылы шаһар халқының санын 23 миллионнан асырмауды жоспарлап отыр. Оған мегаполис тұрғындарын қамтамасыз ететін ресурстардың тапшылығы себеп. Бүгінде ел астанасындағы ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғындарды сумен қамтамасыз ету. Алдағы бес жылда халықты мегаполистің орталығынан шет аудандарға орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Соған орай, орталықтағы тұрақты тұрғындар санын 2014 жылғы көрсеткіштен 15 пайызға азайту көзделген. 12966717_848655098596314_586957799_n Алматының басты кеселіне айналған көлік кептелісіне Бейжіңде де тап болдық. Бір түсінбегеніміз – көліктер мен велосипедтердің бір жолмен қатынайтындығы. Яғни, шайтанарба тізгіндеген жандарға арнайы жол салынбаған. Бірақ жол қозғалысы кезінде велосипед пен көлік жүргізушілері бір-біріне ешқандай кедергі келтірмейді. Ережеге, заңға бағынатындары байқалып-ақ тұр. Қала көшелерінде тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп тастайтын рикшаларды да жиі көзіміз шалды. Тіпті, рикшалардың қызметіне жүгінетіндердің қатары көп секілді. Қоғамдық көлік түрлерінен автобустар мен троллейбустар үздіксіз қатынауда. Екі күндік сапар барысында тағы бір байқағанымыз – кез келген мемлекеттің астанасы тәрізді Бейжіңде де тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы қымбат екен. Мұны жергілікті базарлардың біріне және сауда орталықтарына,  тамақтану орындарына барғанда байқадық. Айта кетейік, Қытайда ашық базарларды заманауи сауда орындарына айналдыру  мықтап қолға алына бастаған. Осылайша, қытайлықтар өз елдерінде мәдениеттің қалыптасқандығын көрсетуді көздейтін тәрізді. Базардағы саудагерлер қытай тілінде қызмет көрсетеді. Барлығының да ағылшын тілінен азды-көпті хабары бар екен. Сонымен қатар, бірнеше сауда нүктесінен орыс тілінде ойын жеткізе алатын қытайлықтарды кездестіріп қалдық. Сауда орындарындағы тауарлардың құны бізге аса қымбат болып көрінгенімен, мұндай баға Бейжің тұрғындарының қалтасына аса үлкен салмақ түсірмейді. Айтуларынша,  тұрғындардың орташа айлық мөлшері біздің валютамен 350 мың теңгені құрайды екен. Таяуда жыл сайын әлемдегі миллиардерлер саны туралы баяндама жасайтын шанхайлық Hurun компаниясы Бейжің қаласын ең дәулетті адамдардың жаңа әлемдік астанасы деп жариялаған болатын. Тіпті, Қытай астанасы Нью-Йоркті онда тұратын долларлық миллиардерлер саны жағынан артта қалдырған болатын. Бейжің қаласында жастардың көптігі сезіледі. Аңғарғанымыз – қытайлық  жастардың патриоттық сезімдері бәрінен биік тұрады. Қандай жұмысты бастамас бұрын қытайлықтар еліне қандай пайда тигізетіндігін, өзі қолға алған жұмысты қазірден бастап кетсе, ертең ұрпақтары ісін жалғап, мемлекетке адал еңбек ететіндігін ойлайды. Олар өздерінің артында қуатты мемлекеттің тұрғанын үлкен сеніммен айтады. Бейжіңнің климаты да көп әңгімеге арқау болатын тақырып. Мұнда жұмыс істейтін өндіріс орындары өте көп, көлік нөпірі де қалың. Қаланың ауасы зауыт, фабрикалар мен көліктердің әсерінен әбден ластанған. Сондықтан, қала тұрғындары үнемі ауыздарын  тұмшалап жауып жүреді. Ал түтін жайлаған қала көшелерінде ұзақ жүрсең, тамағың бітіп, тыныстауың қиындап кетеді. Сондай-ақ, Бейжіңде маусымдық «топырақ бораны» орын алып тұрады. Мұндай кезде қаладағы тіршілік атаулы қызметін тоқтатқандй күй кешеді. Бұл топырақ Қытайдың солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы шөлдердің эрозияға ұшырауының әсерінен пайда болады. Мұндай жағдай 2006 жылдың алғашқы 4 айында 8 рет қайталанған көрінеді. Жалпы, ауаның ластануына қарсы күрес жүргізу – Бейжің билігінің басты мақсаттарының бірі. Мәселен, Бейжің 2016 жылы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар аясында 200 мың көлікке қала жолында жүруге тыйым салады. Бейжің қоршаған ортаны қорғау муниципалдық бюросының хабарлауынша, билік дизельмен жүретін көліктерді және құрылыс қоқысын таситын автомобильдерді басты назарға алады. Бұдан басқа, билік қаланың шығыс және батыс аудандарында көмір тасымалдау, сату мен тұтынуға тыйымды қатаңдатуды жоспарлауда. Бейжіңге жақын орналасқан 400 елді мекен газға көшірілді. Бейжің және оған жақын елді мекендер ауа сапасын жақсарту, көшенің шаңдануының алдын алу мақсатында 2020 жылға дейін көмір пайдалануды тоқтататын болады. Бейжің билігі 2016 жылы ауадағы   зиянды заттар шоғырын 5 пайызға төмендетуді, ауа сапасын бақылайтын стансалар санын 35-тен 60-70-ке көбейтуді жоспарлауда.  Қытай астанасының билігі осы жылы қоршаған ортаның ластануымен күреске 16,5 миллиард юань (2,5 млрд доллар) жұмсамақшы. Бейжің қаласының тарихи ескерткіштерге бай қала екендігі баршаға мәлім. Оның ішінде әлемдегі ең ұлы ескерткіш саналатын Тяньаньмэнь қақпасы, әлемдегі ең үлкен Тяньаньмэнь алаңы, Тыйым салынған қала (жабық қала) – туристердің ең жиі тамашалайтын орындары. Бұл ескерткіштерді тамашалауға біз де бардық. Тяньаньмэнь алаңындағы халықтың қарасы қалың. Сырттан келген қонақтар да, ішкі туристер де, қала тұрғындары да осы алаңда. Тяньаньмэнь қақпасы – Қытай архитектурасының символы. 12966656_848656635262827_1139881822_n Ал Тыйым салынған қала соңғы бес ғасырдағы Қытай басшыларына арналып салынған. Патша әулетінің сарайы XV ғасырда салынған, аумағы 700 мың шаршы шақырымға жететін кешенде шамамен 1000 құрылыс нысандары бар. Әлемнің мәдени мұрасына енетін сарай Қытай салтының бар көрінісін айғақтайды. «Жабық қала» атауы билеушінің рұқсатынсыз сарайға ешкімнің кіріп, шыға алмауымен түсіндіріледі. Қазір сарай үлкен мұражайға айналған. Қытайдың басқа құрылыстары сияқты сарай өзінің кең өлшемімен ерекшеленеді, оны тұрғызуға мыңдаған адам атсалысты. Құрылыс материалдары ретінде мәрмәр тақтайшалары, құнды ағаш, арнайы кірпіштер пайдаланылған. Жабық қала – әлемдегі сақталып қалған ең ірі сарай. Ол 8 метрлік қабырға мен терең орлармен қоршалған. Мұндай қоршау шабуылдарға тосқауыл, сарайға тірек болған. Сарай екіге бөлінеді. Бірінші бөлікте барлық салтанатты рәсімдер өткізілсе, екінші бөлікте патша отбасымен бірге тұрған. Жабық қала сыртында бау-бақша мен саябақтар бар. Сонымен қатар, патша әулетінің мүшелеріне арналған қабір орналасқан. Бұл ескерткіштерді тамашалауға келген жандарда есеп жоқ. Жалпы, Бейжің қаласында Қытайдың тарихынан хабар беретін көне архитектура жақсы сақталған. Заманауи үлгідегі биік ғимараттар да баршылық. Дегенмен, Бейжің тарихи ескерткіштер қаласы деген атауға лайық екені анық байқалады.

Әсел ӘНУАРБЕК