Жаңалықтар

Биыл елімізде мектеп бітіру кештері өткізілмейді

ашық дереккөзі

Биыл елімізде мектеп бітіру кештері өткізілмейді

Бүгін қашықтан оқытудың 2 апталық қорытындысы жарияланды.  ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринованың айтуынша, интернет жете қоймаған шалғайдағы мектептердің 4 мың оқушысы пошта байланысы арқылы білім алып жүр. 2 млн-нан астам оқушы мен мұғалім интернет платформаны пайдаланады. Әсіресе, «Күнделік кz» жүйесінде белсенділік жоғары. Ал 800 мың бала телеарна арқылы бейнесабақ оқиды. Бүгінге дейін 700 сабақ көрсетілген. 400-ден астам мектеп штаттық режимде жұмыс істеуде. Вице-министрдің айтуынша, жақында 11 мың компьютер сатып алынады. Бұған дейін 250 компьютерді оқушылар мен мұғалімдерге таратып берген. – 700-ден астам түсірілген сабақтың ішінде 2 сабақта қателік кеткені мәлім болды. Бұл сабақтар әрине, барлық каналдан алынды. Ол қайта түсіріліп, телевизиялық сабақтардың күнделікті қолжетімді ютуб каналында орналастырылды. Мұндай қателіктер алда да тексеріліп, енді болдырмаудың шаралары іске асырылуда, - деді Шолпан Қаринова. Сондай-ақ, вице-министр тоғызыншы және он бірінші сынып түлектері мемлекеттік сынақ тапсырмайтынын жеткізді. Аттестат барлық пәннің жылдық қортындысы бойынша беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, елімізде биыл мектеп бітіру кештері өткізілмейтін болды. Елімізде эпидемиологиялық ахуал оңалмаса, Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылмауы да мүмкін.