Қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау соғыла ма – вице-министр жауап берді

Елдегі эпидемиологиялық ахуал оңалмаса, мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

«Биыл қорытынды аттестаттау болмайды. Бұған дейін 9-сыныпта төрт пәннен, 11-сыныпта 5 пәннен емтихан жұмысын өткізу қарастырылған болатын. Сондықтан бұл қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Барлық пәндер бойынша жылдық қорытындылар негізінде аттестат тапсырылады», – деді вице-министр.

Ш. Каринова соңғы қоңырауға қатысты тоқтала келе, рәсім оқу жылы аяталған кезде болатынын, яғни қорытындылайтын салтанатты шара екенін еске салды. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар қатысады. Оның сөзіне қарағанда, егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмауы мүмкін.

 

Back to top button