Қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған портал іске қосылды
Қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған портал іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» 17 сәуір күні «Өзге тілді азаматтарға қазақ тілін оқытуда www.tilqural.kz сайтын пайдалану» тақырыбында онлайн курс өткізді.
Онлайн курс Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшыларына, тілдерді оқыту орталықтарының директорларына, әдіскерлеріне, оқытушыларына, тіл мамандарына арналған 13-17 сәуір аралығында ұйымдастырылып отырған «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбындағы онлайн курстар аясында болды.
Бесінші күнгі курста «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасы басшысы Мөлдір Бақытқызы:
қазақ тілін өз бетінше үйренуге ынталы азаматтардың тілді үйренуіне ыңғайлы tilqural.kz сайтын таныстырды;
өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының өзге тілді ересек азаматтарға қазақ тілін оқытуда tilqural.kz сайтын пайдану ерекшеліктерін түсіндірді;
әдіскерлер мен қазақ тілі оқытушыларына тіл оқытуда, тіл үйренуге арналған оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуде жаңа технологияларды пайдалану жолдарымен бөлісті;
қазақ тілін оқытуда ортақ сайтты пайдалану арқылы тілді үйретуді жүйелеудің тәсілдерін баяндады.
Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілін бес деңгей бойынша өз бетінше үйренуге арналған сайттың тіл үйренудің әлімдік дәстүрлеріне сәйкес қазақстандық аналогтың ерекшеліктерімен танысты. Өңірлік тіл оқыту орталықтарының www.tilqural.kz сайтын ортақ пайдалану бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды. Онлайн курсқа 117 тыңдаушы қатысты.
Курс Facebook әлеметтік желісінің ONLINE-da bol парақшасында 17 сәуір күні сағат 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізілді.
Еске сала кетейік, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» тақырыбында 10 күндік онлайн курстар өткізген еді. Кезекті аптадағы онлайн курстар мемлекеттік тілдің қоғамның әр саласындағы қолданысын арттыру бойынша ұйымдастыру шараларына септігін тигізері анық.