Ресейде бір тәулікте 4 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Ресейде бір тәулікте 4 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Ресейде бір тәулікте 4 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Ресейде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 4070 жаңа дерегі тіркелді. Індеттен бір күн ішінде 41 адам қайтыс болып, 286 адам жазылып шықты, деп хабарлады Ресейдің жедел штабы. Бүгінде елдегі науқастардың жалпы саны 32 008-ге жетті. Індет жұқтырғандардың 273-і көз жұмды. Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Мәскеуде 9 мамырға жоспарланған Жеңіс шеруі  кейінге шегерілгенін хабарлағанбыз. Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараның нақты қай күні өтетіні жақын күндері жарияланбақ.