Жаңалықтар

СOVID-19: Қайтыс болған адамнан індет жұға ма?

ашық дереккөзі

СOVID-19: Қайтыс болған адамнан індет жұға ма?

Коронавирустан қаза тапқан адамнан індет әрі қарай тарауы мүмкін бе? Бұл сауалға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармасының басшысы Зәуреш Жұмаділова жауап берді. «Коронавирустан қаза тапқан адамдардан індет сау адамға жұға ма?» деген сауал да түсіп жатыр. Әрине, жұғады. Қоғамдық көліктерді, лифтілерді бостан-босқа залалсыздандырып жатқан жоқпыз. Лифті түймешесіне қарағанда коронавируспен ауырған адам әлдеқайда қауіп тудырады. Сондықтан мүрдеге оның туыстарының жақындауына тыйым салып отырмыз. Жоғары қорғаныс құралдары бар санитарлық-эпидемиология қызметтің бақылауымен мүрдені жуу және жерлеуге дайындау рәсімдерін жүргіземіз«, - деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, Зәуреш Жұмаділова  қаза тапқан адамдар мен көңіл айтушылардың арасында қашықтық сақталуы, мүрде мен жаназаға жиналғандардың ара қашықтығы кемінде 3 метр болуы керегін ескертті.  Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде 1480 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 17-сі көз жұмды.