Қарағанды облысында алты айлық сәбиден коронавирус анықталды

17 сәуір, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында алты айлық сәбиден коронавирус анықталды Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына шалдығудың жаңа оқиғалары туралы мәлімет берілді. Сoronavirus2020.kz сайтының дерегінше, өңірде соңғы анықталған 3 науқастың бірі - 6 айлық бала. Жағдай Қарағанды қаласында тіркелді. Індетті жұқтырған оның ата-анасы инфекциялық госпитальда жатқан. Бала провизорлық госпитальда болды. Екінші науқас - 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Соған орай, провизорлық госпитальге орналастырылған еді. Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да науқастармен жақын байланыста болған. Қарағанды облысында осы уақытта науқастардың жалпы саны 87 адамға жетті.