Қарағанды облысында алты айлық сәбиден коронавирус анықталды

Қарағанды облысында алты айлық сәбиден коронавирус анықталды

Қарағанды облысында алты айлық сәбиден коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына шалдығудың жаңа оқиғалары туралы мәлімет берілді. Сoronavirus2020.kz сайтының дерегінше, өңірде соңғы анықталған 3 науқастың бірі - 6 айлық бала. Жағдай Қарағанды қаласында тіркелді. Індетті жұқтырған оның ата-анасы инфекциялық госпитальда жатқан. Бала провизорлық госпитальда болды. Екінші науқас - 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Соған орай, провизорлық госпитальге орналастырылған еді. Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да науқастармен жақын байланыста болған. Қарағанды облысында осы уақытта науқастардың жалпы саны 87 адамға жетті.