Қарағанды облысында алты айлық сәбиден коронавирус анықталды

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына шалдығудың жаңа оқиғалары туралы мәлімет берілді.

Сoronavirus2020.kz сайтының дерегінше, өңірде соңғы анықталған 3 науқастың бірі – 6 айлық бала. Жағдай Қарағанды қаласында тіркелді. Індетті жұқтырған оның ата-анасы инфекциялық госпитальда жатқан. Бала провизорлық госпитальда болды.

Екінші науқас – 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Соған орай, провизорлық госпитальге орналастырылған еді.

Үшінші науқас – 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да науқастармен жақын байланыста болған. Қарағанды облысында осы уақытта науқастардың жалпы саны 87 адамға жетті.

 

Back to top button