42 500 теңге 3,3 млн қазақстандыққа тағайындалды

42 500 теңге 3,3 млн қазақстандыққа тағайындалды

42 500 теңге 3,3 млн қазақстандыққа тағайындалды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 3 млн 313 адамға 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы  ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің Telegram-каналында хабарланды.  «Бүгінгі таңдағы соңғы ақпараттар бойынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көмекті төлеу 3 млн 313 адамға тағайындалып, ол жәрдем ақының жиынтық сомасы 140, 8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы алғанда көмек сұрап, 6 млн 244 адам өтініш түсірген. Бақылап, тексеру барысында, жіберілген қателерге (деректері талапқа сай емес) қатысты 2 млн 292 мың адамның өтініші қанағаттандырылған жоқ» - делінген хабарламада.