Түркістан облысында ауласына ірі көлемде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

Түркістан облысында ауласына ірі көлемде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

Түркістан облысында ауласына ірі көлемде есірткі өсірген тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады,  деп хабарлайды  Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай ауданында бір азамат есірткі затын үйінде өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түсірген. Осы бойынша Жетісай АПБ-не аталған қылмысты ашуға тапсырма берілді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК 300-бабы “құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру” бойынша тіркелді. Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның және Жетісай АПБ қызметкерлері бірлесіп күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғынның шынында, заңсыз өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар сора өсімдіктерін ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Яғни күдікті азаматтың үйін тінту кезінде, ауыл тұрғынының ауласынан күтіп-бапталған, есірткі егілген орын табылды. Айғақты зат ретінде 60-тан астам түп “Сора” өсімдігі тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес алынған түптер “марихуана” болып шықты. Салмағы 70 граммға жуық. Тергеу барысында ауласына есірткі еккен тұрғын бұрында есірткі сақтағаны үшін сотты болғаны анықталды. Ол өз жауабында, бұл өсіруге тыйым салынған өсімдікті өзі қолдану үшін өсіргенін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”. Түркістан облысы полицейлері есірткі қолданып болмаса өсіріп өзің ғана емес бүкіл қоғамды улау заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Қайта салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы әрекеттер жасап өмір сүруге шақырады.