Жаңалықтар

COVID-19: Ұлыбританияда індет құрбандарының саны 14 мыңға жуықтады

ашық дереккөзі

COVID-19: Ұлыбританияда індет құрбандарының саны 14 мыңға жуықтады

Ұлыбританияда 26 наурызда жарияланған карантин режимі мамыр айының басына дейін ұзартылды. Ел үкіметі шектеу шараларын тоқтату туралы түпкілікті шешімді вирустың таралу қаупі жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана қабылдамақ. Әзірге елдегі эпиедмиологиялық ахуал көңіл көншітпей тұр. Соңғы дерек бойынша, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 103 093 адамға жетті. Науқастардың 13 729-ы көз жұмған. Індет жұқтырғандардың небары  323-і емделіп шыққан. Ал әлем бойынша қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2,2 млн адамға жуықтады. Індет құрбандарының жалпы саны – 145 521 адам. Коронавирусқа шалдыққан науқастардың көрсеткіші жөнінен АҚШ алда тұр. Онда 677 570 адамнан вирус анықталды. Науқастардың 34 617-сі қайтыс болды. Екінші орында Испания (науқастар – 184948, көз жұмғандар  –19 315, емделіп шыққандар – 74 797), үшінші орында Италия (науқастар – 168941 , көз жұмғандар – 22170 , емделіп шыққандар – 40164). Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1470-ке жетті. 277 адам індеттен айықты. Науқастардың 17-сі көз жұмды.