Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Қарағандыға жақын аумақта МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға аэродромға таяу маңда болған. Қазақстан әуе күшетеріне тиесілі әуе техникасы жауынгерлік кезекшілікке әзірлікті пысықтау мақсатында ұшып шыққан екен. Ұшқыштар аман-есен. Ұшақтың өзі елді мекеннен аулақ ашық далаға құлаған. Әскери ұшқыштар тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін  әуе кемесін жазық далаға қарай бұрған.  Толық мән-жайды тексеруге Қорғаныс министрі апатты тергейтін комиссия тағайындады. Оқиға орнына Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметі барды.