Қандастарды қандай мәселе толғандырады?

Қандастарды қандай мәселе толғандырады?

Қандастарды қандай мәселе толғандырады?
ашық дереккөзі
Қазіргі кезде дүниежүзіне тараған COVID-19 індетіне байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, қандастар мен шетелде тұратын қазақтар «Отандастар қорының» Ақпараттық қолдау орталығына хабарласуда. Төтенше жағдайдың енгізілуіне орай көптеген облыс орталықтарында наурыз айында қоғамдық қабылдауға келушілердің саны айтарлықтай қысқарып, 171 адамды құрады. Сонымен қатар Байланыс орталығына келіп түскен өтініштердің қарқыны төмендеген жоқ, яғни наурыз айында 135 өтініш келіп түсті. Фронт-офистерге келетін және Байланыс орталығына хабарласатын қандастар тарапынан Қазақстан азаматтығын алу, тұрақты тіркеуге тұру, ықтиярхат алу сынды мәселелер айтылады. Қазіргі таңда ел ішіндегі қандастар Ақпараттық қолдау орталығына төтенше жағдай кезінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі білу үшін де жүгініп жатыр. Осы орайда «Отандастар қорының» 1404 нөмірдегі Байланыс орталығы (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) жұмыс істейтінін еске сала кетейік.