АҚ ҚАЙЫҢДЫ АЙМАҚҚА АПАРАР ЖОЛ

Сондай-ақ!

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

«Денесі құрысып қалады». Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты

Ұшақ бортында өзін нашар сезінген бала өте ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер сәбиді бірден жасанды тыныс алдырту аппаратына қосты. Бұл туралы Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының...

«Екі адам тірідей өртеніп кетті» Шығыс Қазақстан облысында өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке сөндірілмеген темекі себеп болған, деп...

«Біртіндеп ұмытыла бастады». Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жариялады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды turkystan.kz сайты Tengrinews.kz...

Әлемнің талай елін аралап, танып-біліп, қанып жүрсек те, Солтүстік Қазақстан облысына бір рет те жолымыз түспепті. Сол себепті «Солтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған ха­лықаралық конфе­рен­цияға шақырту алғанымызда жұмысбас­тылы­ғымызға қара­мастан, қатысуға бірден келісім бердік.

Елордадан солтүстікке қарай жүйт­кіген пойыз терезесінен сырт­қа көз сүзіп келемін. Қалың қар жа­­­мылып жатқан теп-тегіс, ұшы-қиыры жоқ кең дала біртіндеп ор­ман-тоғайға ұласа бастады. Қа­зақ­тың бағына біткен құйқалы жері, сұлу табиғаты көз жаулайды. Ке­зін­де отаршыл жүйе қалың қазақты шөл­ді-шөлейтті аймақтарға ығыс­тыра қуып, құйтырқы саясатпен тар­тып алған құнарлы жеріміз елі­міз тәуелсіздікке қол жеткізуінің ар­қасында байырғы иесіне қайтып жат­қанына іштей тәубешілік етіп, ва­гон терезесінен сыртқы көрініске тел­мірген күйде ұзағынан сүйін­дір­гей деп тіледік.

Кереметтің көкесін Ақмола об­лы­сынан өтіп, Солтүстік Қазақстан об­лысының шекарасына пойыз та­баны тиген кезде байқадық. Бір­те-бірте қалыңдай түскен  шоғыр-шо­ғыр аққайыңдар алаңқайлары көз­дің жауын алады. Бұрын мұн­дай­ды көрмеген біздер үшін ғажап кө­рініс. Қысының өзі осынша сұлу, жазы қандай болар екен деген ой са­н­амызда жылт бергенін де жа­сы­ра алман. Даланың осы сәнді кө­рі­ні­сі жолымыздың өн бойында қа­сы­мыздан қалмай, жан дүниемізді сұлуландырып, ерді де отырды. Сон­дай сезімде отырып, осындай сұлу, киелі жеріміз бар екенін әрбір қа­зақ сезінетіндей, сезініп қана қой­май, оны көруге, ол да аз, осын­да тұруға асығатындай етіп неге паш етпейді мына кербез даланың та­­­ланттары деп ойладық.

Вагонда әңгіме өрбітіп, жол қыс­­­қартқан көршім – Петропавл қа­ласындағы  әскери оқу орнында оқи­тын курсант жігіт Жанаттың ай­туына қарағанда, бұл жақтың қы­сы астанаға қарағанда суықтау бол­ғанымен, жеңілдеу қабыл­дана­ды, аса қатты тоңдырмайды екен. Өй­те­тіні айнала қоршаған орман-то­ғай жел­ден пана. Екі күндік сапар бары­сында соған көзіміз анық  жет­ті.

Астанадан кеш түсе жылжыған пойыз ертеңіне сәскеде Пет­ро­павл­ға жетіп тоқтады. Осы жерде біз біл­мейтін тосын жай көктегі көңі­лі­­мізді су сепкендей басты. Қала­ның теміржол бекеті Ресей Феде­ра­циясының меншігіне қарайты­нын естігенімізде, оған сенерімізді де, сенбесімізді де білмей, тосырқай қа­былдап, тіксініп қалдық. Тәуелсіз ел­дің білдей бір облысының бас қа­ласының қақ ортасынан ойып тұ­рып меншік алу деген не нәрсе? Әлем­нің бірде-бір елінде мұндай бас­сыздық жоқ шығар, сірә. Сұрап біл­сек, теміржол бекеті орналасқан жер көрші елдің меншігінде болған­дықтан, оған аттап басқан адам сол елдің заңына бағынуы тиіс көрінеді. Бе­кетте жұмыс істейтіндердің бар­лығы сол елдің азаматтары. Алатын жа­лақылары да көрші елдің ақша­сы. Сонда қалай, олар Қазақстанның қаласында қызмет етіп жүрсе де, біздің елдің заңына бағынбай ма? Қы­зылжардың бар игілігін пайда­ла­на­ды да, салығын төлемей ме? Оны қойшы, бейбіт заманда бүліне қоймас, бетін аулақ қылсын, ұлы көр­шімізбен саясат салқындай қал­са, не болады? Осыны ойлаған кісі бар ма? Ойымыздан шықпай, күні бү­гінге дейін жанымызды ауыртып жүр­ген жай бұл.

«Тосын сыйдан» тосырқап тұр­ған түрімізді жылытқаны – де­ма­лыс күні екеніне қарамастан, ал­ды­мыз­дан арнайы қарсы алуға шық­қан қос азаматтың қазақи ыстық ықы­ласы болды. «Солтүстік Қазақ­стан» газетінің бас редакторы Ер­ба­қыт Амантай да, М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан мем­ле­кет­тік университеті «Журналис­ти­ка» кафедрасының меңгерушісі, ғы­лым кандидаты, доцент Айсұлу Жақсылыққызы да, жас болса да, бас болып, үлкен іске жетекшілік етіп жүрген әріптестеріміз екен. Күн­ұзақ әңгімелерінен Солтүстік Қа­­­зақстан туралы мағлұматым есе­леп артты, көп-көрім көкірек кө­зім ашылып, оң-солды тануға мүм­­кін­дік туды. Дән риза бол­­май көріңіз енді осыдан кейін.

Сапарым­ның шарықтау шыңы ер­­тең­гі­сі­не дайында­лып­­ты. Ша­қыру­шы­ларымның алаш­танушы ға­лымға алаш ардақ­тысы Мағжан Жұмабайдың кіндік қаны тамған Сасықкөлді көрсетуден артық құр­мет болмас деп шешкендерін есті­ген­де көңілім өсті. Сасықкөлдің жа­­ғасына қоныс тепкен ауылдың қа­зіргі аты Сарытомар деп аталады екен. Қызылжардан солтүстікке қа­рай 80 шақырым жолды ба­ғын­дырсаңыз, жетіп барасыз. Жолы тақ­тайдай теп-тегіс. Алайда қыс ауа­сы болғандықтан баяу жүруге тура келді. Аздап қар ұшқындап, бо­ран басталардай күй танытып тұр­ды. Астымыздағы аласа көліктің жайын ойлап жете алмай, бос қайт­па­сақ болды деп тіледік іштей. Діт­теген жерімізге таяғанда көлігіміз нө­пір қарға көміле жаздап, Мағжан ақын жырлаған Сасықкөлді көру бағынан айырылардай күй кешті көңіліміз. Дегенмен ниет тура екен. Кө­лікті тізгіндеген жүргізушінің бай тәжірибесі мен шеберлігі бір жа­ғынан, Ербақыт бауырымның ме­ні Сарытомарға апармай қайт­паймын деген оң тілегі екінші жа­ғынан сүйеніш болып, ауылға да жет­тік-ау, әупірімдеп.

Мағжандай түрік әлеміне әйгілі ақын­ды дүниеге әкелген жер жадау  бол­мауы тиіс деген ойымыз алда­мап­ты. Айнала аққайың, қара қайың көмкерген жер көздің жауын ала­ды. Ортасында оймақтай болып ор­наласқан ауыл көркі де көз той­дырады. Мағжанның өткен ме­рейтойы тұсында жиегін жасыл шар­бақпен көмкеріп, күрделі жөн­деу­ден өткен түп-түзу жол бойын­да­ғы ақталып-сыланған мұражай, мек­теп және мәдениет үйі ақын ауылы осы деп ұялмай көрсететін­дей жұтынып тұр.

Бізді құшақ жая қарсы алған ауыл әкімінің ары-беріден қозғап айт­қан әңгімесінен  біраз жайдың сы­рына қанық болдық. Қар жа­мы­лып жатқандықтан Сасықкөлді кө­ре алмасақ та, оның сасық емес еке­нін, Мағжан ақын еркелетіп өлең жазған себепті солай аталып кет­кенін білдік.

Ауылға туристерді қол бұлғап ша­қырып тұрған бір үй бар. Ол –  Мағ­жан Жұмабайға арналған мұра­жай. Ақынға қатысты еш жерде кез­дестірмеген құнды жәдігерлер жинақталған екен мұнда. Айталық, Алаш ардақтысының қолтаңбасын көз алдымызға келтірген қолжазба мұралары неге тұрады? Бір өкі­ніш­тісі, уақыт тапшы болғандықтан, олар­ды парақтап оқуға мүмкіндік бол­мады. Дәм бұйырса, айналып соғып, құнды жәдігерлермен жақын танысуды ойымызға құндақтап қой­дық. Алаштанушы іздеушілерге ай­тарымыз, уақыт тауып, мұра­жай­ға арнайы барып қайтсаңыз, құнды олжаға кенелеріңіз анық.

Мұражайдан коммунистер кө­семі Ленин портретін көріп, «бұл мұн­да не үшін тұр?» деп аң-таң бол­дық. Сөйтсек, оның да сыры бар екен. Мағжанның ағасын ауылдағы үйі­нен үш әріптің жендеттері тұт­қындап әкетіп бара жатқанда, ана­лар­дың көзінше ашып айта алмай, «төрде ілінген суретті көздің қара­шығындай сақтаңдар, шаң тигізбей, күнде сүртіп отырыңдар!» деп ама­наттап кете барыпты. Үйдегілер ол сөз­дің мәнісін арада аттай алты жыл өткенде бір-ақ біледі. «Неге өйт­ті екен?» деп ойлана келіп, порт­рет­ті алып қарағанда, тысынан жа­­­сырып қойған Мағжанның соң­ғы бір суреті табылады ғой. Сөйтсе, ол заманда Лениннің суретіне қол тигізуге болмайтындықтан, үйді тінтушілер де портретті алып қара­май, Мағжанның соңғы бейнесі солай сақталып қалады. Мұражай­дағы Ленин портреті алмағайып за­манның сырлы шежіресін паш ететіндіктен де құнды жәдігерлер қа­тарынан орын алып тұрғанының мәнісі сонда екен.

Мұражайдан таяқ тастам жерде он бір жылдық мектеп-интернат қо­ныс тепкен. Мектеп ұжымы және оқу­шылармен кездесу өткізу жос­парланғандықтан, бізді сонда ертіп барды. Шағын залда оқушылардан гөрі мұғалімдер қатары көп екен. «Қалған оқушыларыңыз қайда?» деп сұрасақ, мектеп директоры «Бары­мыз осы» деп күлімдейді. Сөйтсек, он бір жылдық орта мектепте бар бол­ғаны 53 оқушы білім алады екен. Яғни, әр сыныпта 3-4 оқушы де­ген сөз ғой. Міне, керемет! Мем­лекетіміз ауыл балаларын оқытуға қар­жы аямай отырғанының көрі­ні­сі емес пе бұл? Оның үстіне, мек­теп­ті интернатқа айналдырып, тө­сек орындарымен қоса үш мезгіл та­мақпен қамтамасыз етіп жатса, оны неге айтпасқа? Ақын ауылына де­ген құрметтің көкесі ғой бұл! Өзі дү­ниеден өтсе де, атымен қоса ата­ғымен туған ауылын көркейтіп жат­қан ақын әруағына еріксіз бас ие­ді екенсің мұндайда. Ұлт ұстазы Ах­мет Байтұрсынұлы айтқандай, ұлым дейтін елі барда, елім дейтін ұр­пақ өсіп шығуы қалып тұрғандай  ен­дігісі.

Біз кері қайтар уақытқа дейін әл­гінде қар басып, көлігіміз қи­на­лып жеткен жолымызды даң­ғы­ра­тып күреп қойыпты. Астымыздағы ма­шинамыз ыңғайлы жолмен жүрі­сін түзеп алғаннан кейін алаңсыз жан-жағымызға байыппен бақылау орнатып келеміз. Неткен көркем кер­без дала! Жол бойына тізбек­тел­ген сұлу мүсін ақ қайыңдардан көз сүрінеді. Бірінен-бірі сәнді  биші қайыңдар қиялыңды көкке сам­ғатады. Орман-тоғайға толы нулы дала судан кенде емес дегенді білді­ре­ді. Ендеше, нулы да сулы мына дала неге бос жатыр? Үйір-үйір жыл­қы, мыңғырған мал ұстап, қыр­манын егінге толтырып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын жағ­дай жасап алуға болатын жердің иесі қайда? Неге қазақ мына иен да­лаға иелік етпейді? Мемле­кеті­міз­дің бос жұмыс орындарын игеру үшін халықты оңтүстіктен сол­түс­тік­ке қоныс аударту саясатына неге қа­зақ илікпейді? Иліксе ғой, шір­кін… Бір сұрақ екіншісін туғызып, тол­қын-толқын ойлардың ар­бауында отырып, көлігіміздің Қы­зыл­жарға қалай кіргенін сезбей де қалыппын. Ербақыт бауырымның «Аға, сізді университетіміздің жур­налист-магистранттары кездес­пек­ке күтіп отыр екен, бірден сонда бара­мыз» деген сөзі  мені түртіп оят­қандай болды. Кездесуге қарсы емес едім, айтарым да бар болған­дық­тан бірден келісімімді бердім, жол бойғы ойдан арыла алмай.

Университеттің филология фа­культеті құрамындағы «Жур­на­лис­тика» кафедрасының кабине­тін­де оқытушылар мен магистрант жас­тар­мен жолығып, сапар әсерімен бөлісу сәті түсті. Солтүстіктегі жер­гі­лікті ұлттың үлес салмағын арт­тыруға қосып жатқан ерен ең­бек­те­ріне жоғары баға берумен бірге, бұл бағыттағы жұмысты жандан­дыру туралы ойларыммен бөлістім. Ақ қайың­ды өңірдің табиғат кереметі мен өмір сүруге жайлы артықшы­лық­тарын жалпақ қазақ даласына тарату жергілікті журналистердің басты бағыты болса, сулы да нулы облысқа қалың қазақ ағылар ма еді де­ген арманымды да арнадым. Елор­далық журналистер осы ба­ғыттағы іс-әрекеттеріне толық қол­дау білдіретініне сенім қазығын қақ­тым. Ол үшін байланысты жан­дандыру туралы ойларымен толық ке­лісетінімді білдіріп, барыс-келісті жиі­лету, бар қазақ – бір қазақ бағы­тында көп іс тындыру келісіміне қол қоймасақ та, уағдаластыққа қол жеткізгеніміздің өзі олжа деген түйін түйдік кездесуден.

Күні бойғы әсерлі жүздесулері­міз кешкісін мәдени шараға ұласты. Сол­түстік Қазақстан медиа хол­дин­гінің басшысы, елімізге белгілі ар­да­гер журналист, Қазақстан Пар­ла­ментінің экс-депутаты Жарасбай Қабдоллаұлы сала мамандарының сүйікті спорт түрі – тастаяқтан жа­рыс ұйымдастырып, керемет дема­лыс­тан шабыт шақыруымызға жағ­дай жасауы көпті көрген көре­ген­ді­гінен сыр шертіп тұрды. Қа­зақстанның әр өңірінен, сонымен бір­ге Ресейдің Омбы шаһарынан арнайы келген әріптестер бір-бірі­мізбен жақын танысып, ой бөлісіп, қауқылдасып, бір жасап қалдық.

1920 жылы 22 ақпанда «Кедей сөзі» деген басылым болып шыққан, бас­тауын содан алатын «Солтүстік Қа­зақстан» газетінің 100 жылдық ме­рейтойына халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференция арнаған М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің құрметі  журналистер қауымы айта жүретіндей, салмақты сый болды. Білім ордасының ай­тулы шараға үлкен маңыз беріп, жан-жақты дайындықпен келгені әр ісінен көрініп тұрды. Кон­фе­рен­ция өтетін күні Қызылжар қала­сы­ның тарихи орындары – Абылай хан­ның резиденциясын, Мағжан Жұ­мабайдың саябағын, көзін көр­ген, сыйлы аға Манаш Қозыбаевтың ескерткішін, оның атындағы уни­вер­ситеттің мұражай үйін та­ныс­тырып, өлкенің терең шежіресінен сыр түюге мүмкіндік туғызылуын соның жарқын көрінісі деп қабыл­дадық.

АҚ ҚАЙЫҢДЫ АЙМАҚҚА АПАРАР ЖОЛ

Айтуды ұмытып барады екен­мін, «Қариясы бар үйдің құты бар» де­ген қазақ даналығының ақиқат­ты­ғына осы сапарда тағы бір көзі­міз жетті. СҚМУ-дың «Журналис­ти­ка» кафедрасының бағын жан­ды­рып, ісін ілгерілетіп, бір өзі бір инс­титуттың қызметін атқарып ке­ле жатқан профессор Зарқын Тай­шыбайдың үлкен ұжымның ақыл­шысы ғана емес, жастардың жа­нашыр ағасы, көңілі дархан па­насы екеніне тәнті болып, құр­ме­ті­міз бұрынғыдан да артты. Әдемі қар­тая білудің де өнер екенін үл­кен­деріміз Зарқын Сыздықұлынан үй­ренсе, шіркін деген ой көңіл түк­пірінде қонақтап қалды.

Дайындығы мықты конферен­ция университеттің бас ғимараты­ның салтанат залында жарқырап өтті. Алдымен алқалы жиынға қа­тысу­шылар журналистикаға қа­тыс­ты кітаптар мен «Солтүстік Қа­зақ­стан» газетінің 100 жылдығына бай­ланысты басылып шыққан жа­рияланымдар көрмесімен танысты. Көрменің төрінен өзім құрастыру­шы­ларының бірі болған, 1998 жы­лы «Қазақ энциклопедиясы» бас ре­­­дакциясынан басылып шыққан «Қазақ» газетінің жинағын  көріп, көңіліміз өсті.

АҚ ҚАЙЫҢДЫ АЙМАҚҚА АПАРАР ЖОЛ

Салиқалы форумды салтанатты түр­де ашқан университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі про­рек­торы Ақмарал Ыбраева құт­тық­тау сөзді облыс әкімінің орын­ба­сары Руслан Әлішевке берді. Одан кейін мінберге көтерілу мәртебесі бізге бұйырды. «Алаш көсемсөзі жә­не аймақтық басылымдар» та­қы­ры­бындағы баяндамамыз көпке ой салса, мақсатымыздың орындал­ғаны. Бас-аяғы 15 шақты шешеннің баяндамасы газеттің арғы-бергі та­ри­хымен қоса, аймақтық басылым­дардың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен көкейкесті мәселелерін талқыға салуы­мен құнды. Ғалымдар өз зерт­теу нәтижелерімен бөлісіп, құнды ой олжалады. Арасында «Журналис­ти­ка» кафедрасы студенттерінің жыр­мен өрілген өнері 100 жылдық ба­сылым мерейтойына шашу шаш­қандай әсерге бөледі. Қаты­сушы­лар­дың көңілінен шыққан кон­фе­ренция жоғары деңгейде ұйым­дас­тырылуымен биік бағасын алып, көп­тің көңілінде сақталып қалды.

                                  Қайрат САҚ,

алаштанушы ғалым

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп...

«Nur Otan» партиясының қатары талантты азаматтармен толықты (видео)

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...