Жаңалықтар

Алматыда 1 шілдеге дейін бұқаралық шаралар өткізілмейді

ашық дереккөзі

Алматыда 1 шілдеге дейін бұқаралық шаралар өткізілмейді

Алматыда 1 шілдеге дейін көп адам жиналатын мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.  «Адам көп шоғырланатын бұқаралық шараларды 1 шілдеге дейін өткізуге болмайды. Халықаралық тәжірибелерді ескеріп отырмыз. Әр жерде әртүрлі шара қабылданып жатыр. Әрбір мемлекет өз еліндегі эпидемиологиялық ахуалға қарай шешім қабылдап жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев. Шаһар басшысы карантин режимін бірден алып тастауға болмайтынын түсіндірді. «Біз қолға алған шаралар өз жемісін берді. Алайда, бізге босаңсуға болмайды. Алматы қаласында санитарлық белдеу болғаны дұрыс. Енді біз инфекцияны облыстан тасымауымыз керек. Алматы қаласының мүмкіндігі жоғары. Яғни, облыс тұрғындарының 65 пайызы Алматыға жақын тұрады», - деді әкім.