Бір әулеттен 20 ұстаз

Сондай-ақ!

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылатынын хабарлады. 2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқара автожолы» – «Кеген автожолы» бақылау-өткізу бекеті уақытша...

Жыл сайын 6 миллиондай адам инсульттан қайтыс болады

1 желтоқсан – Халықаралық неврапатолог күні. Осыған қарай бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қазақстандық невролог дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. «Невролог дәрігерлер сәби дүниеге келген...

«Еңбегімен ер сыйлы»: үздік шаруалар марапатталды

Талдықорған қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттар тапсырылды. Бұл тізімге республика...

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, – деп хабарлады Polisia.kz. 27 қарашада астаналық такси жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы 3-бөлігі –...

«Адамның адамдығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай бекер айтпаса керек. Ауылдағы елге сыйлы адамдардың қашанда орны бөлек. Халықтың ілтипатына бөленген сондай  жанның бірі – ұстаздардың ұстазы атанған  Әбдіқайым Ысқақ. Ол жарты ғасырға жуық уақыт жас ұрпақ тәрбиесімен айналысқан. 30 жыл Ордабасы ауданы Бөржар әкімшілігіне қарасты Абай атындағы орта мектепте басшылық еткен.  Наурыз мерекесі қарсаңында 85 жасқа толған тыл, еңбек және халық ағарту саласының  ардагері, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі,  Ордабасы ауданының Құрметті азаматын арнайы құттықтап қайтқан едік.

Түркістан қаласынан Қазақстан педагогика аке­демиясының профессоры, Халықаралық Жазу­шылар Одағының мүшесі Әлима Пашанова, Түлкібастан мәдениет майталманы, ақын Бақытжан Байжұма және осы жолдардың авторы ұстаздар әулетіне сәлем бере барғанда Әбдіқайым Ысқақ ағамыз жайдары көңіл күймен қарсы алды. Дәл осы күнге орайластырылған мерейтой төтенше жағдайға байланысты тоқта­ты­лыпты. Ешуақытта өзін биікпін демеген ардагер ұстаз қан­ша ел құрметтісі атанса да, мансапқұмарлық, тәкап­парлық дегенді мүлдем білмеген жан.

Осы әулеттен ата жолын қуған 20 мұғалім шыққан екен. Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтейтін көкірегі қазынаға толы қарияны көрдік. Кезінде тынымсыз еңбегінің нәтижесінде 30 жыл­да білім ұясын республика көлеміне танытқан Әбдіқайым ақсақалдың үстінен бірде-бір рет арыз айтылып, шағым түспеген екен. Парламент тарихында аты алтын әріппен жазылған, тұңғыш қазақ тіліндегі заңның авторы Әкім Ысқақтай ұлды тәрбиелеген ардақты әкеге, ел ықыласына бөленген нар тұлғалы қария ұстазға елдің айтар алғысы шексіз. Ұл-қыздары, келіндері Кәрім-Зағипа, Забира, Гүлжан, Гүлмира, Ғали-Қарлығаш, Сакен – Гүлжазира, Нұрдәулет – Забираның ынтымағы жарасқан, бір-бірін іштей ұғысқан тәрбиесіне тәнті болдық. Бұл да өмір азығын, көңіл жазығын сыйлаған ата, әке өнегесі екені айдан анық.

Кезінде Президентіміздің өзі Алғысхатын жол­даған ардақты ардагерге «Қазақстанның ұлағатты ұста­зы» медалімен марапатталғанын жеткізіп, табыс еттік.

Ұлағатты ұстаздың сонда берген «Нағыз бақыт – өзге үшін өмір сүруің, ұрпақтарыңа қуаныш сыйлай білуің! Сендерге осы бақытты тіледім» деген батасын біздер қуана қабылдадық.

Жапон халқы «Күлкі естілген үйге бақыт келеді» дейді екен. Қара шаңырақтағы шөберелерінің шат күл­кісі атасына күш-қуат беретінін аңғардық. Берекесі шалқыған, ырысы тасыған, бақыты баянданған әулеттің әз тіршілігіне қанығып, көңіліміз тоғайып қайт­тық.

 

Роза ЕСЕНГЕЛДИЕВА

Шымкент қаласы

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба...

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылатынын хабарлады. 2021 жылдың 1...

Жыл сайын 6 миллиондай адам инсульттан қайтыс болады

1 желтоқсан – Халықаралық неврапатолог күні. Осыған қарай бүгін ҚР Денсаулық сақтау...

«Еңбегімен ер сыйлы»: үздік шаруалар марапатталды

Талдықорған қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында...

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, – деп хабарлады Polisia.kz. 27 қарашада...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...