Жаңалықтар

Алматыда 6 бала коронавирус жұқтырған

ашық дереккөзі

Алматыда 6 бала коронавирус жұқтырған

Алматыда осы уақытта коронавирусты жаңадан жұқтырғандар саны - 23. Оның ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 медицина қызметкері бар деп хабарлайды  coronavirus2020.kz. Сайт таратқан ақпараттарға қарағанда, қалада сонымен қатар тағы 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар қатарында тұр. Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл 1960 жылы туған пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасының провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, Covid-19-дан 330 пациент емделуде. Провизорлық госпитальдарда​ 368 адам жатыр, оның 7-уі​ бала, карантиндік оқшаулауда​ –​ 426, үй карантинінде​ –​ 7288 адам бар. Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған барлығы 393 жағдайы тіркелген, оның ішінде 6-ы балалар​ және​ 4 жүкті әйел.