Елена Біләлова: Мұндай сыйақыны бірінші рет алдым
Елена Біләлова: Мұндай сыйақыны бірінші рет алдым
Ақмола облыстық дәрі-дәрмек бөлімшесінің жоғарғы санаттағы аға медбикесі Елена Біләлова ел билігінің ақ халаттыларға көрсеткен қолдауына алғыс білдірді. Сондай-ақ, медицина маманы қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтап, карантин тәртібіне бағынуға шақырды.
– Қазіргі пандемияға байланысты біздің аурухана жанынан жаңа бөлім ашылды. Үлкен бөлім. Жаңа қызметкерлер қосылды. Мұнда жұмыс істеудің өз машақаты мен жауапкершілігі бар. Жақында барлық медицина қызметкерлері мемлекет тағайындаған сыйақыны алдық. Мемлекет тарапынан медицина қызметкерін ескергені қуантты. Қаншама жыл осы салада жүрмін, мұндай сыйақыны бірінші рет алдым. Біздің қызметімізді ескеріп, бізге сенім мен қолдау білдіргеніне қуаныштымыз.
Бізді шетте қалдырмай, еңбегімізді ескеріп, бағалағаны үшін Президентімізге мың алғыс. Бізге қолдау көрсетіп отырған барша халыққа рақмет. Сөз соңында айтарым, қазақстандықтардан үйде отырып, вирустан сақтану шараларын мұқият қадағалауды сұраймын. Біздің жұмысымыз аз болу үшін, өз амандықтарыңыз үшін, өзгенің амандығы үшін карантин тәртібін сақтайық. Баршаңызға зор денсаулық тілмеймін.