Елена Біләлова: Мұндай сыйақыны бірінші рет алдым

Елена Біләлова: Мұндай сыйақыны бірінші рет алдым

Елена Біләлова: Мұндай сыйақыны бірінші рет алдым
ашық дереккөзі
Ақмола облыстық дәрі-дәрмек бөлімшесінің жоғарғы санаттағы аға медбикесі Елена Біләлова ел билігінің ақ халаттыларға көрсеткен қолдауына алғыс білдірді. Сондай-ақ, медицина маманы қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтап, карантин тәртібіне бағынуға шақырды.  – Қазіргі пандемияға байла­ныс­ты біздің аурухана жанынан жаңа  бөлім ашылды. Үлкен бөлім. Жаңа қызметкерлер қосылды. Мұн­да жұмыс істеудің өз маша­қа­ты мен жауапкершілігі бар. Жа­қын­да барлық медицина қыз­мет­керлері мемлекет тағайындаған сыйа­қыны алдық. Мемлекет тара­пы­нан медицина қызметкерін ес­кергені қуантты. Қаншама жыл осы салада жүрмін, мұндай сыйа­қыны бірінші рет алдым. Біздің қыз­метімізді ескеріп, бізге сенім мен қолдау білдіргеніне қуаныш­ты­мыз. Бізді шетте қалдырмай, еңбе­гі­мізді ескеріп, бағалағаны үшін Пре­зидентімізге мың алғыс. Біз­ге қол­дау көрсетіп отырған бар­ша ха­лыққа рақмет. Сөз соңын­да ай­тарым, қазақстан­дық­тардан үйде отырып, вирус­тан сақтану шара­ларын мұқият қадағалауды сұрай­мын. Біздің жұ­мысымыз аз болу үшін, өз аман­дықтарыңыз үшін, өз­генің аман­дығы үшін карантин тәр­тібін сақтайық. Баршаңызға зор денсаулық тілмеймін.