Жаңалықтар

CҚО-да жарты тонна бидай ұрлағандар ұсталды

ашық дереккөзі

CҚО-да жарты тонна бидай ұрлағандар ұсталды

Егін егу науқаны қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында жарты тонна бидай ұрланды,  деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылжар ауданының полиция бөліміне шаруа қожалығының басқарушысы жүгініп, Рассвет ауылындағы шаруашылықтың кептіру камерасынан 500 келідей бидайдың қолды болғанын айтқан. Полиция қызметкерлері шаруа қожалығының аумағында бейнекамералардың болмағанын анықтады. Күзетші ұрлық болған кезде орнында болмаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бидай ұрлады деген күдікпен осы шаруашылықтың 1985 жылы туған екі жұмысшысы ұсталды. Ұрланған бидай олардың бірінің үйінен табылды. Олар бидайды біреуіне тиесілі мотоблокпен шығарып, жеке мақсаттарында пайдаланбақ болыпты. Бидай заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүріп жатыр. СҚО ПД Криминалдық полиция қызметкерлері атап өткендей, егін науқанымен байланысты әр қылмыс ерекше бақылауға алынған. “27 сәуірден бастап барлық аймақтық бөліністердің қызметкерлері “Астық-2020″ жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі шеңберіндегі жұмыстарды бастайды”, – дейді СҚО ПД басшысының орынбасары Руслан Назаров.