Bek Аir қандасымызға бекер шүйліккен

Bek Аir қандасымызға бекер шүйліккен

Bek Аir қандасымызға бекер шүйліккен
ашық дереккөзі
Естеріңізде болса, Алматы об­лысы Талғар аудандық со­тына Bek Аir  әуеком­пания­сы­ның басшылығы ұшақ со­ғыл­ған құрылысты заңсыз деп тану бойынша шағым бергені ту­ралы жазған болатынбыз. Сот 21 ақпанда істі қарауға отыр­ғанымен, кейбір тарап­тар­дың дайындықсыз келуіне бай­ланысты 20 наурызға ше­герілген еді. Алайда жер иесі Решет Қалибек адвокат жал­дап, әуе мекемесіне қарсы та­лап-арыз берген соң, сот 7 сәуір­де онлайн түрде қаралды. Талғар аудандық соты Bek Аir әуекомпаниясына тиесілі ұшақ соғылған ғимарат иесі қандасымыз Ре­шет Қалибектің талап -арызын қанағаттандырды. Екі тараптың қатысуымен онлайн өткен сот барысында ау­дандық сот судьясы Қарлығаш Есәлинова аза­мат­тық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған. Карантин жағдайында қашықтан, онлайн өткен сот отырысы жайлы қандасымыз Решет Қалибекке ха­барласып, өзінен сұрап білдік. «Онлайн өткен сот отырысына мен, заңгерім Жә­нібек Башанов  және Bek Air компаниясының заң­гері қатысты. Карантин болғандықтан сот WhatsApp же­лісі арқылы өтті. Сонымен азаматтық тәр­тіптегі сот тоқ­татылды. Былтыр 27 желтоқсандағы ұшақ құлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істер қаралып біткенше, Талғар аудандық соты азаматтық процес­суал­дық істерді қарауды тоқтатуға шешім қабылдады. Ал­да өтемақы талап ету жайын карантин біткеннен соң заңгеріммен ақылдасып көре жатармыз»,  – дейді Р.Қалибек.