«We Are One»: Димаш Құдайберген коронавируспен күреске ән арнады (видео)

«We Are One»: Димаш Құдайберген коронавируспен күреске ән арнады (видео)

«We Are One»: Димаш Құдайберген коронавируспен күреске ән арнады (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі коронавирусқа қарсы күреске арнап «We Are One» атты ән жазды.  Әншінің жаңа әніне түсірілген бейнебаян «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы – Ухань қаласы – дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген. Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген. «Бүкіл әлем коронавируспен күресіп, басынан қиын күндерді өткізіп жатыр. Аты жаман ауруға қарсы күш біріктіріп, бір-бірімізге қол ұшын созғанда ғана COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен оқшауланып отырғандарға арналады», - делінген бейнебаян сипаттамасында. «We Are One» - әнінің сөзін Gao Shang/Shang Yang, ал әуенін Dong Nan/Tang Yi жазған. Димаш жаңа әні туралы өзінің Instagram-парақшасына әлі жарияламаса да, оның жанкүйерлері бейнебаянды талқылап, әншінің өнеріне  жоғары баға беруде. https://www.youtube.com/watch?time_continue=6&v=QysSLI2aHvM&feature=emb_logo