Малышева: Коронавирус – ең керемет вирустардың бірі
Малышева: Коронавирус – ең керемет вирустардың бірі
Дәрігер Instagram парақшасындағы тікелей эфирде коронавирустың қаупі тіуралы сұраққа жауап беру барысында: "Мен оны бұған дейін ең керемет вирустардың бірі деп ойладым және солай ойлай беремін", - деді. Оның айтуынша, коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың орташа жасы 79 жарым жаста, ал балалар іс жүзінде оны жиі жұқтырмайды. "Қайтыс болғандардың орташа жасы осындай болатын инфекцияны іздесең де таппайсың", - дейді тележүргізуші. Десе де, Елана Малышевақарттар көз жұма беруі керек деп ойламайтынын және өзінің анасының жасы 86-да екенін алға тартты. Дәрігердің айтуынша, халыққа қауіп төну тұрғысынан, вакцинаның болуына қарамастан қызылша анағұрлым қауіпті екен. Себебі, балалар коронавирустан емес, қызылшадан жиі зардап шегеді. Малышеваның мұның үлкен бақыт екенін жеткізді.