Малышева: Коронавирус – ең керемет вирустардың бірі

Малышева: Коронавирус – ең керемет вирустардың бірі

Малышева: Коронавирус  – ең керемет вирустардың бірі
ашық дереккөзі
Белгілі ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, тележүргізуші Елена Малышева коронавирусты ең керемет вирустардың бірі деп атады, деп хабарлайды Lenta.ru.  Дәрігер Instagram парақшасындағы тікелей эфирде коронавирустың қаупі тіуралы сұраққа жауап беру барысында: "Мен оны бұған дейін ең керемет вирустардың бірі деп ойладым және солай ойлай беремін", - деді. Оның айтуынша, коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың орташа жасы 79 жарым жаста, ал балалар іс жүзінде оны жиі жұқтырмайды. "Қайтыс болғандардың орташа жасы осындай болатын инфекцияны іздесең де таппайсың", - дейді тележүргізуші. Десе де, Елана Малышевақарттар көз жұма беруі керек деп ойламайтынын және өзінің анасының жасы 86-да екенін алға тартты. Дәрігердің айтуынша, халыққа қауіп төну тұрғысынан, вакцинаның болуына қарамастан қызылша анағұрлым қауіпті екен. Себебі, балалар коронавирустан емес, қызылшадан жиі зардап шегеді. Малышеваның мұның үлкен бақыт екенін жеткізді.