АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 30 мыңнан асып жығылды

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 30 мыңнан асып жығылды

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 30 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 637 359 адамға жетті. Джонс Хопкинс университеті жариялаған соңғы дерек осындай. Соңғы тәулікте АҚШ-та 2494 адам көз жұмған. Елде індет құрбандарының жалпы саны 30 826 адамға жетті. АҚШ коронавирус жұқтырған және індеттен көз жұмған науқастары саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Алайда, статистикаға қарамастан, Ақ үй басшысы Дональд Трамп елде коронавирус таралуының шарықтау шегі артта қалғанын алға тартуда. Америка президентінің пікірінше, батыл әрекет оң нәтижелерге жетелейді. Бүгін ел билігі бірқатар шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылдамақ. Кейбір штаттар 1 мамырда ашылуы мүмкін деп болжануда. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1331-ге жетті. Індеттен 240 адам айықты. 15 адам көз жұмды.