Әйеліне тиесілі компаниямен 23 млн теңгеге келісімшарт жасасқан әкім қызметінен қуылуы мүмкін

Әйеліне тиесілі компаниямен 23 млн теңгеге келісімшарт жасасқан әкім қызметінен қуылуы мүмкін

Әйеліне тиесілі компаниямен 23 млн теңгеге келісімшарт жасасқан әкім қызметінен қуылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында Құлан ауылдық округінің әкімі қызметінен кетуі мүмкін.  Ол мемлекеттік сатып алу кезінде әйеліне тиесілі компаниямен 23 миллион теңгеге келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департаменті берген мәліметке сәйкес, әкім бұл әрекетін бір емес, он бір рет қайталаған. Бастапқыда оған қатысты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп, сотта қаралғанымен, оның әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған көрінеді. Алайда тексеріс жүргізген мамандар мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттің бар екендігін анықтады. "Мемлекеттік сатып алу заңымен ауылдық округтің әкімдеріне көп жеңілдік берілген. Бірақ кей жерде осы ауылдық округтің әкімдері мүдделер қақтығысына жол береді. Өздерінің туыстарымен келісімшарт жасайды. Ауылдық округтің әкімі бұл жерде мемлекеттік қызмет туралы заңның 50-бабын бұзып отыр. Яғни қызметін асыра пайдаланған", - дейді ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.