Мамырда халыққа көмек көрсетудің екінші толқыны басталады

Сондай-ақ!

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі – Президент

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Жаһандық жаңа сын-тегеуірінді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқа...

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің тәжірибесінде тағы 2 озық өңірлік оқу орны ашылатынын айтты. «Педагог мамандарға сұранысты...

Екібастұз маңында бір топ аққуды атып тастаған қаскөй іздестірілуде

Екібастұз маңында белгісіз қарақшы бір топ аққуды атып тастаған, деп хабарлайды "Информбюро". Бағдарлама тілшілерінің дерегінше, ащыкөл маңында екі ересек аққу және оның сегіз балапаны пайда...

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews. «Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, – деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

Кездесуде Елбасы төтенше жағдай кезінде мемлекеттік шараларды қолдау және мұқтаж адамдарға көмек ұйымдастыру бойынша «Nur Otan» партиясының белсенді жұмысын атап өтті.

– Пандемия бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп тұр. Президент пен Үкімет қиын жағдайға тап болған адамдарды, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарды көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады. Осы орайда партияға мемлекеттік шараларды қолдау бойынша белсенді жұмыс істеуді тапсырдым, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысына тоқталып, бұл бастаманы қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді.

– «Birgemiz» қорына біраз қаражат жиналды. Осынау қиын кезеңде мұқтаждарға көмек ұйымдастыру мақсатымен менің қор құру жөніндегі бастамамды қолдағаны үшін Қазақстанның бизнес қауымдастығына алғыс айтқым келеді. Мен «ERG» компаниялар тобының басшылығы А.Машкевичке, А.Ибрагимовқа, П.Шодиевке, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы В.Кимге, О.Новачукке, Э.Огайға, сондай-ақ Т.Құлыбаевқа, Б.Өтемұратовқа, Р.Сәрсеновке, А.Клебановқа, Ғ.Есеновке, А.Рақымбаевқа, А.Беловичке, Қ.Боранбаевқа, Қ.Шәріпбаевқа және тағы да басқа азаматтарға алғыс білдіремін, – деді Елбасы.

Сонымен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен еріктілерінің жұмысын атап өтті.

– Партия белсенділері мен «Jas Otan» еріктілері Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам отбасын ең қажетті тауарлармен қамтамасыз етті. Жалпы бұл жұмысқа үш мың ерікті жұмылдырылды. Мен оларға да алғыс айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Birgemiz» қорынан 152 мыңнан астам отбасына 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілгенін айтты.

– Біз бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. Мамыр айының басынан бастап халыққа көмек көрсетудің екінші толқынын бастаймыз. Бұл Үкімет бөліп отырған көмектен бөлек қосымша қолдау, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Төрағасы дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

– Президент те, Үкімет те осы қиын уақытта бәріне көмектесу үшін барынша жұмыс істеп жатыр. Коронавирус пандемиясы өтеді, алдағы уақытта біздің алдымызда экономиканы қайта қалпына келтіру мәселесі туындайды. Біраз адам жұмыссыз қалып, экономика бәсеңдеді. Жағдайдың жақсаруына қарай бизнестің кейбір түрлеріне қызметін жандандыру үшін жеңілдік жасаған жөн деп ойлаймын. Кәсіпкерлер өзін және айналасын қорғау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауы керек, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Б.Байбек партияның дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру және халыққа көмек көрсету жұмыстары туралы баяндады.

– Қазіргі таңда «Birgemiz» қорына 20 миллиард теңгеге жуық қаражат жиналды. Біз материалдық көмектен бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мұқтаж отбасыларға медициналық бетперде тарата бастадық. Сонымен қатар, елорда мен Алматыдағы екі мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкерінің әрқайсысына Қордан 50 000 теңгеден берілді, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте барша қазақстандықты жаһандық пандемиямен күресте бірігуге шақырды.

– Бірлігіміз, ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген қамқорлығымыз бізді жетістікке жетелейді. Үйде отыру оңай емес екенін түсінемін. Шағын бизнеске де ауыртпалық түсіп тұр. Алайда қазір жетістікке жету үшін шыдамдылық қажет, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі тағайындалды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды штабының...

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі – Президент

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев...

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы...

Мәжіліс сайлауы: «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы,...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...