Birgemiz қоры мем.қызметкерлер жалақысынан төлем алмайды
Birgemiz қоры мем.қызметкерлер жалақысынан төлем алмайды
Әлеуметтік желілерде Birgemiz қоғамдық қорына мемлекеттік қызметкерлер жалақысының 1% аударылады деген мәлімет тараған болатын. Бұл ақпарат жалған болып шықты.
«Бюджет саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысынан 1% алу туралы ақпарат жалған. Бұндай СМС-хабарламаларды біз таратқан жоқпыз», – делінген қордың ресми мәлімдемесінде.
«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер еңақысынан төлем қабылданбайды.
«Бұл қордың тұжырымдамасына қайшы келеді, өйткені бізге қаражат негізінен тек ерікті түрде түседі», - деп түсіндірді ол.