Қазақстаның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
15 сәуір, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Қазақстаның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Қазақстаның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Маңғыстау облысында 16 сәуір күндіз кей жерде шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтауда күндіз шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысы мен Ақтөбеде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысында оңтүстіктен соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл облысында 16 сәуір түнде, 17 сәуір күні солтүстік және таулы аудандарда күн суытады, 1 градус аяз болады. 16 сәуір күні найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Кей жерге тұман түседі.
Таразда 16 сәуірде тұман түседі.
16 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады деген болжам бар. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.