Жаңалықтар

Ғалымдар коронавирусты суық тиюден айыратын басты белгіні атады

ашық дереккөзі

Ғалымдар коронавирусты суық тиюден айыратын басты белгіні атады

Америкалық зерттеушілер CoViD-19 инфекциясын суық тиюден айыратын басты белгіні анықтады. Бұл туралы Eurekalert сайтында жарияланған зерттеу материалында айтылған. – CoViD-19 инфекциясын жұқтырған науқастарда суық тию кезінде болатын мұрынның бітелуі немесе мұрыннан су ағу секілді белгілер болмайды, – дейді зерттеуге қатысқан ғалымдардың бірі, Цинциннати университеті медицина факультетінің отоларингология және бас және мойын хирургиясы кафедрасының доценті Ахмад Седагат. Ғалымдардың айтуынша, иіс сезу қабілетінің жойылуы – коронавирустың негізгі белгілерінің бірі. – Індеттің бұл белгісі оны маусымдық аллергиядан да оңай ажыратуға мүмкіндік береді, – дейді А. Седагат. Зерттеу  авторларының пікірінше,  мұрынның бітелмегеніне қарамастан кенеттен аносмияның (иіс сезбей қалу) пайда болуы адамның коронавирус жұқтырғанын айғақтайды. Мамандар мұндай жағдайда жедел дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет екенін ескертеді. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1290 адамға жетті. Науқастардың 240-ы дерттен айықты. Вирус жұқтырған 15 адам көз жұмды.