Қызылордада 9 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Қызылордада 9 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Қызылордада 9 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы науқас тіркелген күннен бастап 9 медицина қызметкерінде коронавирус анықталған. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлім етті. «Олардың 8-і орта буын, біреуі кіші буын қызметкері. Анықталған 3 қызметкер кәсіби тұрғыда жұқтырса, қалғаны науқастармен қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ, кейбір медицина қызметкерлері қорғаныш талаптарын сақтамаған», – деді Ә.Әбдіқайымова. Бас санитарлық дәрігер өңірде 11 компания вахталық әдіспен жұмыс істейтінін айтты. Оның ішінде екі компанияның қызметкерлері алдағы екі тәулікте ауысым жұмысын жүргізеді. Ал, вахтадан келген азаматтар үй карантиніне алынады. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы жұқтырған 127 адам бар.