Карантин: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр

Карантин: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр

Карантин: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысында қонып жүр
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев 14 күнге оқшауланған. Қазір ол жұмысына қонып жүр. ҚазАқпараттың жазуынша, басқарма басшысы онлайн брифингте: «6 күн бұрын орталық клиникалық ауруханаға бір науқасты қарауға барғанмын. Сол кезде аталмыш мекеменің бас дәрігері және бөлім меңгерушісімен байланыста болдым. Вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуым ықтимал болғандықтан 14 күнге оқшаулануға бел будым», – деді басқарма басшысы. Тілеухан Әбілдаев карантин басталғалы бері 3 рет тест тапсырған. Үшеуінде де теріс нәтиже көрсетілген. «Қазір халыққа вирус жұқтырмау үшін кеңсемде қонып жүрмін», – деді басқарма басшысы.