Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жаңа басшы тағайындалды
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жаңа басшы тағайындалды
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың басшысы міндетін атқарушы болып Марат Абдуллаев тағайындалды, – деп жазды ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек, 14 сәуірде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қалалық орталық ауруханасының меңгерушісі Алмас Болатұлы Жувашев қызметінен босатылған еді.
Медициналық ұйым басшысының міндетін бүгінгі таңда Марат Абдуллаев атқарып жатыр.
Бұл ауруханада медқызметкерлер жаппай коронавирус жұқтырған болатын. Олардың кейбірі «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылған. Олар видеоүндеу түсіріп, министрдің бұл жағдайға назар аударуын өтінген еді.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов орталық ауруханадағы жаппай коронавирус жұқтыру дерегін тексеретіні белгілі болған-ды.
Кейінірек Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров алматылық дәрігерлердің коронавирус тестілеуіне қатысты наразылығы бойынша пікір білдірді.