Жаңалықтар

Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазгидрометтің болжамынша, бүгін, 15 сәуір күні атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады.

Сондай-ақ, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар күйіндегі жауын-шашын жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде тұман, желдің күшейіп, шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпе жел соғады. Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді.