Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаушылар азаймай тұр

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаушылар азаймай тұр

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаушылар азаймай тұр
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде қызмет атқарып, тәртіпке бағынбай әрі заңға қайшы әрекет жасаушыларға шара қолдануда. Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 123 жайт анықталып, 43 тұрғын қамауға алынды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сот шешімімен 63 тұрғынға әкімшілік айыппұл салынған. Тағы бір азаматқа ескерту беріліп, 16 тұрғынның ісі сотта қаралуда. «Бұл құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі төтенше жағдайға қарамастан той, туған күн, беташар, тұсаукесер жасаған. Өзгелері ойын-сауық орындарын ашып, адамдарды қабылдағаны үшін жауапқа тартылды. Ал, тағы біреулері шектелген уақытта адамдар тобы болып шоғырланғаны үшін ескерту алып жатыр. Сондай-ақ, блокпосттарда қызметте тұрған полицейге қарсылық білдіріп, қамауға түскен тұрғын да бар» – делінген хабарламада. Өңірдегі тәртіп сақшыларының қарқынды жұмыс атқаруы нәтижесінде қылмыс саны 18,2 пайызға азайған. Қоғамдық орында жасалған құқықбұзушылықтар 25,7 пайызға, көшелерде жасалатын қылмыстар 26,2 пайызға төмендеген.