Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы аясында 17 мыңнан астам өтінім мақұлданды

ашық дереккөзі

«7-20-25» бағдарламасы аясында 17 мыңнан астам өтінім мақұлданды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев «7-20-25» бағдарламасы аясында 199 млрд теңгеге есептелген 17 328 өтінім мақұлданғанын айтты. «7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 сәуірде 199 млрд теңгеге 17 328 өтінім мақұлданып, оның 173,2 млрд теңге сомасына 14 616 қарыз берілді», – деді Ұлттық банк төрағасы. Ерболат Досаевтың айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралар аясында Ұлттық банк айыппұлдар мен өсімпұлдардан босату, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін 90 күнге дейін ұзарту арқылы бағдарламаның қарыз алушыларын қолдауды көздейтін өзгерістер енгізген.