Жаңалықтар

Коронавирусты емдеуге тартылмаған дәрігерлер арасында індет жұқтыру деректері көбейді

ашық дереккөзі

Коронавирусты емдеуге тартылмаған дәрігерлер арасында індет жұқтыру деректері көбейді

Елімізде коронавирусты емдеуге тартылмаған медицина қызметкерлері арасында індет жұқтыру деректері артып барады. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова осылай  дабыл қақты.  «COVID-2019 ауруымен жатқан пациенттерді емдеуге, күтуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны да тез өсіп келе жатқанын атап өту керек. Сонымен қатар аталған контингент маңызды эпидемологиялық бөлім саналады. Яғни бұл санат инфекцияны ары қарай өршітуі мүмкін ошаққа айналу қаупі бар», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Комитет төрайымының дерегінше, бүгінде COVID-2019 ауруымен жатқан пациенттерді емдеу және күту шараларымен айналыспайтын 82 адамның вирус жұқтырғаны анықталған.  «Жұқтырудың жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан (36), Алматы (33) қалаларында, сонымен қатар Атырау (6), Ақмола (3) облыстары және Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ ІІМ ведомствоаралық қызметінде тіркелді», - деді ол. Людмила Бюрабекованың айтуынша, Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан 8 адам, Ұлттық онкология және трансплантология орталығынан 16 адам, «Мейірім» медициналық орталығынан 7 адам вирус жұқтырған.