Жаңалықтар

Елімізде тағы 10 адам коронавирусты жеңді

ашық дереккөзі

Елімізде тағы 10 адам коронавирусты жеңді

Қазақстанда тағы 10 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.  Coronavirus2020kz сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам ауруынан айықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 110-ға жетті. Еске сала кетейік, бұған дейін елордада 82 жастағы қария коронавирустан емделіп шыққанын хабарлағанбыз.