Жаңалықтар

Елордада 82 жастағы қария коронавирустан емделіп шықты

ашық дереккөзі

Елордада 82 жастағы қария коронавирустан емделіп шықты

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 82 жастағы қария дертінен айықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. «22 наурызда науқастың КВИ жұқтырғаны расталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогына түсті. Диагнозы: COVID-19. Ауырлық дәрежесі орташа екі жақты полисегментарлы пневмония. 1 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. 3 дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел. Идиопатиялық подагра.Жүргізілген кешенді емдеуден кейін 24 сағат аралығымен COVID-19-дан 2 рет зертханалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері теріс болды» - деп жазды министр Facebook парақшасында. Қазіргі уақытта шағымдар жоқ. «Қазақстандық дәрігерлер біздің ауыртпалығымызды сәтті еңсеруде. Біздің дәрігерлер COVID-19 халықаралық клиникалық хаттамаларына сәйкес жұмыс істейді» деп толықтырды Е.Біртанов.