Жаңалықтар

Қытайда бір тәулікте 108 адамнан коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

Қытайда бір тәулікте 108 адамнан коронавирус анықталды

Қытайда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 108 дерегі тіркелді. Екі науқас қайтыс болып, 88 адам емделіп шықты. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 108 жаңа жағдайдың 98-і сырттан келген, ал қалған 10-ы жергілікті (Хэйлунцхһзян провинциясында - жеті, Гуандун оңтүстік провинциясында -үш). Жалпы алғанда Қытайда сырттан келген науқастар саны 1378 болды, әлі 867 адам ауырып жатыр, 38-і ауыр жағдайда, ал 511 адам аурудан айығып шыққан. Шетелден Қытайға кірген бірде-бір адамның өлімі тіркелмеген. "Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудан, орталыққа бағынатын қала) 82 160 коронавирус жұқтыру дерегі туралы ақпарат алды. Қазір Қытайда 1156 адам ауырып жатыр, 121-і ауыр халде, 77 663 адам ауруханадан шығарылды, 3341 адам көз жұмды", - дейді мемлекеттік комитеттен. Айта кетейік,  Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 972-ге жетті. Бұған дейін елімізде індеттен он бірінші науқас көз жұмғанын хабарлағанбыз.  Ал әлемде 1,85 миллионнан астам адам COVID-19 инфекциясына шалдықты.Олардың 114 мыңнан астамы қайтыс болды.