Жаңалықтар

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 114 мыңнан асып жығылды

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 114 мыңнан асып жығылды

Джонс Хопкинс университетінің ақпараты бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 850 220 адамға жетті. Олардың 114 215-сі көз жұмса, 430 455-і емделіп шықты. Індет жұқтыру көрсеткіші жөнінен АҚШ көш бастап тұр. Бұл елде 557 300 адам кеселге шалдыққан. Екінші орында – Италия (166 831 адам), үшінші орында – Италия(156 363 адам).Коронавирустан көз жұму деректері Еуропа бойынша Италияда ең көп тіркелген. Елде індеттен 19 мыңнан астам адам қайтыс болған. Одан кейінгі орындарда – Испания (17 209 адам), Франция (14 393 адам) және Ұлыбритания (10 612 адам) тұр.Ал АҚШ-та коронавирус құрбандарының қатары 20,6 мыңнан асып жығылды. Бұл мемлекет вирустан бір тәулік ішінде екі мыңнан астам пациент қайтыс болған әлемнің алғашқы елі болды.Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтері бойынша, АҚШ-та Covid-19 инфекциясын 530 мыңнан астам адам жұқтырған.Ал еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 972 адам коронавирус жұқтырды. Бұған дейін Қарағанды облысында тағы 11 адамнан індет анықталғанын хабарлағанбыз.Қазақстанда вирус жұқтырғандардың 99-ы емделіп шықты. 11 адам көз жұмды.